Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сізді көру арман еді": Маңғыстаулық азамат Мақпал Жүнісоваға ғашық болып қалды

Маңғыстаулық азамат Мақпал Жүнісоваға ғашық болып қалғанын айттыФото: Видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Маңғыстау өткен жеке ән кешінде күтпеген жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде концерт барысынан видеолар тарады. Кадрлардан бір ер адам сахнаға шығып, алдымен әншіге жылы тілектерін жеткізеді.

“Мен де сізбен құрдаспын. 1981 жылы мектеп бітірдім. Деніңіз сау болсын, қауіп-қатер, сырқаттан аман болыңыз. Тек ортамызда жарқырап жүре беріңіз”, – дейді ол.

Кейіннен өнер иесіне сезімін білдіріп, ғашық екенін айтты. Сондай-ақ ол әншіні вальс билеуге шақырған. 

“Сізді көру маған арман болған еді, ғашық болып қалдым”, – деді ол.

Алайда өнер иесі бұл ұсыныстан сыпайы түрде бас тартты. 

"Анам "Заманбектен артық күйеу табамын деп ойлайсың ба?" деді": Мақпал Жүнісова неге екінші рет күйеуге шықпағанын түсіндірді

Оқыңыз

 

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Құлыбаевтың әкесі, экс-министр Асқар Құлыбаев Мақпал Жүнісованы дүйім жұрттың алдында сынап, жұртқа жақпай қалған еді. Экс-министр Асқар Құлыбаев сахнаға шығып, алдымен әншіге жылы тілегін айтады, кейін оның салмағына қатысты ескерту жасайды.

“10 келі тастасаң, баяғы қыздай боласың. Қазір уақыт сондай, өзіңді қолға алу керек, өз-өзіңді ұстау керек, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек”, – деді ол.

Мұндай пікірді күтпеген әнші бірден жауап қайтарды. Ал желі қолданушылары оның пікірін орынсыз деп санап, қатаң сынға алды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Сәуір, 2026 17:24