Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анам "Заманбектен артық күйеу табамын деп ойлайсың ба?" деді": Мақпал Жүнісова неге екінші рет күйеуге шықпағанын түсіндірді

Мақпал Жүнісова неге екінші рет күйеуге шықпағанын түсіндірдіФото: instagram.com/zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова көптің көкейінде жүрген жеке өміріне қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода өнер иесі марқұм жары Заманбек Нұрқаділов өмірден өткеннен кейін не себепті қайта тұрмыс құрмағанын жан-толғаныспен баяндады.

Әншінің айтуынша, жары дүние салғаннан кейін он жыл өткен соң ғана бұл мәселені анасымен ақылдасқан. Алайда анасы қайта тұрмыс құруына үзілді-кесілді қарсы болған.

“Анамнан “Мама, егер бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп ұсыныс жасаса, сіз қалай қарайсыз?” деп сұрадым. Сөйтсем, көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып, маған жаман қарары да “Әй, қарағым, Заманбектен артық күйеу табамын деп ойлайсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма” деді. Бітті. Сол уақыттан кейін жұмған аузымды ашқан жоқпын”, – деді өнер иесі. 


"Заманбегім Заңғарым": Мақпал Жүнісова марқұм жолдасымен түскен естелік суреттерін бөлісті

"Балалы болғаныма куә болсаң екен": Мақпал Жүнісованың қызының тілегі көптің жүрегін елжіретті


Осы сөзден кейін өнер иесі жеке өміріне қатысты әңгімені көтермеуді шешкен. 

“Біреу қараса да, қараған жоқпын. Тып-тыныш жүрдім, себебі шешемнен қорықтым. Алдыңда анаң болса, сен әлі баласың деп айтады ғой, ол рас. Біз соны тыңдаймыз”, – деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісованы дүйім жұрттың алдында сынаған Асқар Құлыбаев жұртқа жақпай қалғаны хабарланған еді. 

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 23:50