Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда оқушысының басынан кітаппен ұрған мұғалім сот алдында жауап берді

Маңғыстау-4 елдімекеніндегі №11-орта мектептің мұғалімі 6-сынып оқушысының басынан кітаппен ұрып, сот алдында жауап берді.

щ

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жәбір көрген бала соққы кесірінен қазір сабағын үйден оқып жатыр. Өйткені, ауыр соққы алғаннан кейін дәрігерлер оған «эпилепсия» диагнозын қойған. Алайда, ата-анасы баласына жұдырық ала жүгірген ұстаздың қазір басқа мектепте сабақ беріп жүргенін айтып, ашынып отыр.

Бағдәулет Мәкенов мектеп партасында соңғы рет өткен жылы қыркүйек айының 19-ы күні отырған. Содан бері ол үйден оқытылады. Оқушының айтуынша, тарих пәнінің мұғалімі сабақ үстінде қолындағы кітаппен оның басынан екі-үш рет ұрып жіберген. Бала ауыр соққыдан әлсіреп құлап, содан шошынып қалды дейді, – ата-анасы.

“Шуладыңдар деп қолында кітаппен мына жеріммен ұрды.. Мен шулаған жоқпын”, – дейді зардап шеккен оқушы Бағдаәулет Мәкенов.

“Біз сабақта болдық. Отыр еді ұрып жіберді”, – дейді куәгер Үсен Шамұратов.

Мұғалімнің бұл әркеті Жанымай Әженованың жанына қатты батыпты.  Баласы мектеп мақтанышы болған. Спорттағы жетістіктері көп екен. Ұстазынан таяқ жегеннен кейін бірден мүгедектікке тіркеуге алынды дейді балам.

“Оның өзге мектепте сабақ беруі қаншалықты заңды? Менің балам ауру болып отыр енді. Бұған дейін ешжерде тіркеуде де болған емес”, – дейді оқушының анасы Жанымай Әженова.

Айыпталушы мұғалім Ербол Жүсіпов 23 жаста. Сот маманды «кінәлі» деп үкім шығарды. 50 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ал жәбірленуші тарапқа 200 мың теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеген.  Бірақ ұстаз бұл шешіммен келіспей,таяуда облыстық сотқа қарсы аппеляциялық шағым түсірген.

“Медициналық сараптама қорытындысын 3 рет жасады ғйо, соның өзі айтып тұрғой енді менің кінәмнің жоқ екенін. Мен оған тіпті қолымды да тигізген жоқпын. Нұқыдым. Кішкентай балдар айта береді ғой. Мен басқа жердежұмыс жасай алмаймын. Мына әнгіме маған алдымнан шығады. Қазір жұмыссызбын”, – дейді айыпталушы мұғалім Ербол Жүсіпов.

Мұғалімгеқатысты үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Мұнайлы аудандық соты соңғы нүктені келесі айда қоймақ. Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Ербол Жүсіповпен қатар Маңғыстау-4 елді мекеніндегі  № 11-орта мектеп директоры мен орынбасары қызметінен босатылған.

 

Талқылау