Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау тұрғыны перзентханаға егіз табамын деп барып, үшеммен қайтты

33 жастағы Ақмарал Жалжанова бүгін Ақтаудағы Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығынан  үйіне шығарылды. Ол 13 қаңтар күні ол екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлады Қазақпарат.

20170126131757

Ақмарал үшемнен бұрын 2006-2012 жылдары арасында төрт ұл босанған. Енді оның 7 баласы бар. Ақмарал жанұясымен бірге Маңғыстау ауданының Шетпе ауданында тұрады. Ол орталыққа өткен жылы 28 желтоқсанда жүктіліктің 30 аптасында түскен. Дәрігерлер құрсақтағы баланы егіз деп болжаған.

«Соңғы сәтке дейін  үшем туарын білген жоқпыз. Әйел бірнеше рет УЗИ тексерісінен өтсе де, дәрігерлер егіз деп диагноз қойған”, – дейді ол.

13 қаңтар күні кесір тілігі жасалып, ота барысында үшінші баланың бар екені анықталды. Бірінші 12.09-да салмағы 2 келі 270 грамм, бойы 44 см қыз бала туды, екінші – 2 келі, 480 грамм, бойы 45 см ұл бала, ал соңында – ең кішкентай үшінші қыз бала туды. Оның салмағы 1 келі 980 грамм, бойы 44 см. Сол үшінші сәбиді ешқандай тексеріс «байқамаған». Балалар аздап шала туды, бірақ дендері сау, еш ауытқушылық жоқ», – деді Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының директоры Жамал Жаманбаева. Үшемнің анасына емдеу жұмыстары бойынша директордың орынбасары Жапырақ Епенова ота жасады.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада төртемнің өмірге келуі ата-анасы үшін күтпеген тосынсый болды (фото, видео)

Алматы облысында үшемдердің ата-анасы сәби өліміне дәрігерлерді кінәлауда

Қазақстанда оқушыларды медтексеруден өткізуге гинекологтардың қарауын қосуды ұсынды

Талқылау