Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысындағы пышақталып өлген 16 жасар баланың анасы: Ұлыма мені өлді деп айтқан

Маңғыстау облысында бейнеулік 16 жасар жасөспірімнің өліміне қатысты кезекті сот процесі өтті. Расталмаған дерек бойынша, өгей анасы балаға 20 рет пышақ сұққан.

Балаға әкесі мен өгей анасы “туған анаң қайтыс болды” деп сендірген, дейді туған анасы Кәмшат Қожақова. Солай өтірік айтып, баланы өздерімен бірге тұруға көндірген, бірақ жасөспірім өгей анасын қабылдамаған, деп хабарлады Лада басылымы.

Нәтижесінде, әйел баламен қарым-қатынасын жақсарта алмағандықтан 20 жеріне пышақ сұғып, өлтіріп тастаған, деген болжам бар. 16 жасар баланың өліміне күдікті ретінде осы өгей анасы ұсталды.

Баланың туған анасының айтуынша, істі болып жатқан әйел қылмысы үшін одан кешірім де сұрамаған. Ол баласының өліміне кінәлі әйелді 16 жыл бостандығынан айыруды талап етті.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың басында Бейнеуде жсөспірім қайтыс болған еді.

Сотталушы ҚР ҚК 2 бабы 14 бөлігі бойынша айыпталуда.

Тағы оқыңыз: 

Маман: Дала дәретханасын қолданатын адамдар бедеулікке ұшырайды

11 жасар қазақ қыздары жеке кәсіптерін ашып, табысқа кенелудің жолын тапқан

Қостанайда ірі сауда орталығында өрт болды

Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды

 

Талқылау