Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында келіндер сайысы өтті

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының 30 келіні ерекше байқауда бақ сынасты. «Шұбат және бауырсақ» фестивалі аясында өткен сайыс ауданның 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Ұлттық дәстүрді берік ұстанған келіндер сәлем салу, ұлттық дәм мен сусындарды дәмді дайындау бойынша сынға түсті. Байқау барысында әділ қазылар алқасы әсіресе олардың тағамды дастарқанға ұсыну мәдениетіне баса мән берді. Қатысушылардың қабілетін көрермен халық та бағалау мүмкіндігіне ие болды. Жеңімпазға үй тұрмысында қолданылатын бағалы сыйлық тапсырылды, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

“Сайыста қазақ келінінің киімінде болуы және ең басты тағамдарымыздың қалай жасалуы, дәмі мен түріне қарап дауыстар, бағалар берілді. Қазақтың ұлттық киімі мен ыдыстарымызға дейін ескерілді”, – дейді байқау жеңімпазы Гүлзат Салманова.

“Мақсатымыз – халықты рухани жандандыру, ұлттық дәстүрімізді насихаттау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырып жатқан шара болып есептелінеді”, – дейді Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі Зәуреш Нұрболат.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада 20 жыл мектеп директоры болған азамат мал ұрлап істі болса да ұстаздығын жалғастыруда

Димаш Құдайберген Қазпоштаның келбеті атанды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болды

 

Талқылау