Маңғыстаулықтар қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізбек
Маңғыстаулықтар наурызда қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скрин
Биыл маңңыстаулықтар наурыз мерекесінде ұлттық киім киген 5000 адамды жинап, әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енуді көздеп отыр.
Халықаралық комиссия мүшелері 22 наурыз күні Ақтау қаласына келеді.
“Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттамақ.
“Әлем, енді маған бет бұр. Бұл мен – қазақ”, – делінген видеожазба астында.
Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарды фестивалге қатысып, ұлттық киімді әлемге насихаттауға атсалысуға шақырды.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді