Маңғыстаудағы жағдайға министр өзін жауапты сезіне ме: Мырзағалиев жауап берді
Қазақстанның Энергетика министрі Мағзум Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының көтерілуі бойынша өткен шұғыл баспасөз мәслихатында маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихаты 1 қаңтардан кейін күрт көтерілген газ бағасына байланысты Ақтау мен Жаңаөзендегі толқулардан кейін өтті.
Брифинг барысында министрден Маңғыстаудағы орын алған жағдай өзін жауапты сензіне ме деген сұрақ қойылды. Мырзағалиев өзін жауапты сезінетінін айтты.
"Мен басында айтқанымдай, бұл оқиға басталғаннан менің орынбасарым Маңғыстау өңіріне барып, мән-жайын біліп келді. Мен өзім ол өңірге талай рет барғанмын, алайда бұл жолы бара алмадым. Маңғыстаудағы орын алған жағдайға байланысты өзімді жауапты сезінемін", - деді министр.
- Вице-премьер Ералы Тұғжанов бастаған министрлер Маңғыстауға барады
- Әлеуметтік желіде "Ынтымақ" алаңынан түсірілген видеолар тарауда. Ақтауда не болып жатыр?
- Маңғыстауда газ бағасы төмендейді: Үкімет митингілерге жауап берді
Жаңаөзен мен Ақтаудағы жағдай
2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі 100 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттаған сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.
Бірақ халықтың түсіндірмесі қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.