Маңғыстауда мектептің акт залының шатыры құлағаннан кейін қылмыстық іс қозғалды

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі/Видеодан скрин
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылындағы мектеп-гимназияның акт залында шатыр құлағаннан кейін, 23 шілдеде Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық іс қозғалғанын облыс әкімдігі Facebook парақшасында жазды.
“Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі (Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға қабылдау немесе пайдалануға беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қазір мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруіне уақытша тыйым салынған.
“Алдағы жөндеу жұмыстары мен нақты шешімдер туралы ақпаратты ресми түрде кейінірек хабарлаймыз”, – деп нақтылады әкімдік.
Еске салайық, 23 шілдеде таңғы сағат 6:00 шамасында 15 жыл бұрын салынған мектептің шатыры опырылып түскені туралы жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"