Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда мектеп оқушыларына жабайы түлкілер шапты

Фото: Видеодан скрин

Жабайы жануарлар ауыл мектебінің екі оқушысын тістеп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

21 қараша күні Бейнеу аудандық көпбейінді орталық ауруханасының травматология бөліміне екі оқушы жеткізілді. Балаларды жабайы жануарлар тістеп алған. Медициналық картада балаларға қарсақ (түлкі) шабуыл жасағаны көрсетілген. 

Травматологтың тексеруінде болған 14 жастағы баланың оң санынан, ал 7 жастағы баланың сол жақ санынан сызаттар табылған. Екі балаға да жараларды хирургиялық ем-шара жүргізіліп, қажетті екпелер салынды. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Науқастар амбулаториялық бақылауда жатыр.

ECOJER қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов сурет бойынша бұл жануар қарсақ емес, әдеттегі түлкі болуы мүмкін деп атап өтті.

“Жануарлар құтырған болуы мүмкін, сондықтан оларға жақындау қауіпті. Жабайы жануарлармен кездескен жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарласып, тістеп алған жағдайда балалардың ата-аналары секілді медициналық көмекке жедел жүгіну қажет”, – деді эколог.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 11:11
Талқылау