Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде табылған қара жәшік қашан ашылады

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев апат болған ұшақтан табылған қара жәшіктің қашан ашылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

“Алгоритм, стандарттар бар, барлық ел соны басшылыққа алады. Алдымен әуе апатын зерттейтін комиссия құрылады. Сол комиссия жағдайға және барлық мәліметке сүйене отырып, қара жәшіктерге қатысты шешім шығарады. Қазір бұл процесс жүріп жатыр – фрагменттер, детальдар жиналып жатыр. Ертең сол жерге сарапшылар барады, шығарушы ел – Бразилия”, – дейді Талғат Ластаев.

Вице-министрдің айтуынша, әуе тасымалдаушының өзі ертең келеді. Сөйтіп бәрі жиналып, қара жәшікті қалай ашу керегін шешеді. 

Бұған дейін құтқарушылардың оқиға орнынан қара жәшік тапқаны туралы жазған едік.

Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.

Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы айтқан еді.

Талқылау