Маңғыстауда теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылған
Әлеуметтік желіде итбалықтардың өлген өлекселерінің видеосы тарап жатыр. Кадрларда көздері зақымдалған бірнеше итбалық теңіз жағасында жатыр. Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкий соңғы үш күнде ауа райының күрт құбылуына байланысты арнайы комиссия жағалауды тексеріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
29 наурызда Түпқараған ауданындағы Урдюк мүйісі мен Баутинская шұңқырының аралығындағы жағалаудан 40 итбалық өлексесі табылды.
Мамандардың тексерісі кезінде олардан дене жарақаттары, жаралар немесе зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылмаған.
"Дауылдан кейін мамандар өлекселерді іздеу үшін үнемі теңіз жағалауын аңдып отырды. Олар басқа жерде өлген, себептерін медициналық сараптама анықтайды. Өлгеннен кейін көздері зақымдалған болуы мүмкін. Оларды құстар жұлып алады", – деді Андрей Руцкий.
Еске салсақ, бұған дейін ғалымдар Каспийдегі итбалық популяциясының апатты жағдайда екенін айтып, дабыл қаққан еді.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ