Маңғыстауда мұнай-газ саласында лауазымды тұлғалар миллиондаған қаржы жымқырды
Фото: Stan.kz
Былтыр облыс прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексеру жүргізді. Тексеру барысында “Oil Transport Corporation” ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, үш адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқықбұзушылықтар анықталған соң, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Нәтижесінде күдікті ретінде 3 адам ұсталды. Олардың арасында кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.
Сот барлық лауазымды тұлғаларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлерін тағайындады.
“Кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды”, – делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы кезінде сотталғандар 250 миллион теңге көлемінде шығынды өтеді.
Үкім заңды күшіне енді.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
