Маңғыстауда митингке шыққандар әнші Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойған
Әлеуметтік желіде Маңғыстауда митингіге шыққан тұрғындардың Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойған видеосы тарады. Куәгерлердің сөзінше, көлік әуежайға баратын жолмен кетіп бара жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар әншінің көліктен шығуын талап еткен. Олар Қайрат Нұртастан Маңғыстауда орын алған жағдайға пікір білдіруін сұрады.
Әншінің өзі ешқандай пікір білдірмеді. Бұған дейін ол өз парақшасында Rixos Aktau қонақ үйінде концерт өткізгенін жариялаған еді.
Әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындар әуежайға баратын жолдың жабық екенін мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін митингіге шыққандардың үш негізгі талап қойғанын мәлімдеген едік. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, Үкіметтік комиссияның жұмысқа кіріскенін айтқан.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған