Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда ішек-қарны ақтарылған қоқиқаздардың өлекселері табылды

Маңғыстауда қоқиқаздардың өлекселері табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Азамат Сәрсенбаев

Блогер Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында өлген қоқиқаздардың суреттерін жариялады. 

"Өлекселерді тексеріп, зерттеуіміз керек, бұл құстарды осылай шашырататып тастайтын шаңды дауыл болмаған сияқты еді, олар табиғи түрде өлді ме, әлде біреу өлтірді ме?", – делінген блогердің жазбасында.


Қоқиқазды үйінде ұстаған: Халық ақтаулық блогердің айыппұлын төлеп берді


Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, өлекселерді далада, Қаламқас пен Қаражанбас арасында жергілікті тұрғындар тауып алған. Тұрғындар шамамен 5 қоқиқаздың өлексесін көрген. 

Айта кетейік, жуырда ғана қоқиқаздардың Қаракөлге ұшып келгені туралы ақпарат тараған еді. Маңғыстаулық эколог Кирилл Осин қоқиқаздардың өліміне қатысты өз нұсқасын айтты. 

"Бұл ұзақ ұшуға шыдай алмаған құстар болуы мүмкін. Бұл құстар арасында өте кең таралған құбылыс және бұл көбінесе жас жануарларға қатысты. Кейде оларға күш пен тамақтану жетіспейді. Бұл табиғи сұрыпталудың бір мысалы. Ал өлекселердің жыртылып кеткені, өлгеннен кейін жыртқыштар талап тастаған болуы мүмкін", – дейді "Эко Маңғыстау" ұйымының директоры Кирилл Осин.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылына қызғылт қоқиқаздар ұшып келгені туралы жазған едік. 

Талқылау