Маңғыстауда қылмыстық топ компьютерлік залдың атын жамылып құмар ойын бизнесін ұйымдастырған
Маңғыстау облысында Қаржы мониторинг агенттігі 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Ұйымдастырушылар қатысушылардан ақшалай ставкаларды банк аударымдары арқылы қабылдаған. Кейін қатысушылар арнайы платформада тіркелген, сондай-ақ ойындарға қатысу үшін логин, пароль және сілтеме берілген.
Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 миллион теңгеден асты.
Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 миллион теңгеге екі автокөлік – "Toyota Land Cruiser" және "Mersedes-Benz 320" сатып алғаны анықталды.
“Сот үкімімен олар қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (Заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бап 1-бөлігі, 2-бөлігі (Ұйымдасқан қылмыстық топ құру, басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып, 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды”, – деп мәлімдеді агенттік.
Қылмыстық жолмен алынған көліктер мемлекет пайдасына тәркіленді.
Бұған дейін конституциялық сот құмар ойынға бәс тігуді шектеу заңсыз деп таныған еді.

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
