Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау қондырғысы опырылып түсті

Видеодан скриншот
Желіде бұрғылау қондырғысы құлаған оқиғаның видеосы пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиға 9 шілде шамамен 12:47-де болғанын хабарлады. Теңге кен орнында №553 ұңғымада бұрғылау қондырғысын жерге көлденең күйде төсеп жатқан кезде құрылымның екінші және жоғарғы үшінші учаскелері қисайып кеткен. Оны мердігер "Петро НефтегазСервис" ЖШС жасапты.
Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының қызметкерлері жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты
Зардап шеккендер жоқ.
Тергеуді "Азаматтық қорғаныс туралы" заңына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның комиссиясы жүргізеді.
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады