Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздар арасындағы төбелес жұрттың жағасын ұстатты (видео)

төбелес

Видеодан скриншот

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың көшедегі кезекті төбелесі видеоға түсіп қалды. Қақтығыстың себебі белгісіз, бірақ жасөспірімдер қазір тергеуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде оқушы қыздар арасындағы қиян-кескі төбелестің видеосы тарап кетті. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған.

Төбелеске қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.


"Қызды қорғаған": Астанада жасөспірімдер арасындағы төбелестің видеосы тарады


Таразда жасөспірімдер қоңырау кезінде дәретханада төбелесіп, 9-сынып оқушысы көз жұмды


Кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы “Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау” бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдердің өздері профилактикалық бақылауға алынды.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында төбелес болып, жасөспірім қаза тапқан еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 17:29
Талқылау