Маңғыстау облысында үш баласы газға уланған отбасы ЭКҰ жасатады
Фото: Lada.kz
Маңғыстау облысында көмірқышқыл газынан үш баласын жоғалтқан отбасы тегін экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасынан өтуге сертификат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алмасбек Батыровтың Instagram парақшасында маңғыстаулық ерлі-зайыптыға Экстракорпоральды ұрықтандыру сертификатын тапсыру сәтінің видеосы жарияланды.
Қайғылы оқиға 23 ақпанда болды. Мұнайлы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде 30 жастағы үлкен қызы, 16 жастағы ұлы және 13 жасар кенже қызы көмірқышқыл газынан уланып мерт болды. Балалардың тәтесі де уланғанымен, аман қалды.
Отбасының анасы Күмісай Оралбайқызы қайғылы оқиға кезінде Астанада болғанын айтты. Күйеуі Айдарбек жұмыста болған. Анықталғандай, газ ашық болып, балалар уланып қалған.
Отағасы ЭКҰ-ға үзілді-кесілді қарсы болғанын мойындады, бірақ соңында туыстары мен достарының қолдауының арқасында келісті.
Фото: Lada.kz
Ата-анасының айтуынша, үш баласы да мейірімді, тілалғыш, жақсы оқитын балалар болған. Үлкен қызы екі айлық жүкті болыпты, ұлы колледжде, ал кішісі мектепте оқитын.
“Мұндай қайғыны ешкімге тілемес едік. Біз әлі болған оқиғамен келісе алмай келеміз. Бір кездері балалардың күлкісіне толған үй, қазір қаңырап бос қалды”, – деді жұп.

Тоқаевпен бір жерде оқыған, Назарбаевтың құдасы: Сыртқы істер министрі қызметіне кіріскен Ермек Көшербаев кім
