Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 151 итбалықтың өлексесі табылды
Маңғыстаулық фотограф Азамат Сәрсенбаев желідегі парақшасында Түпқараған ауданына қарасты Баутин ауылында дауылдан кейін 150-ден аса итбалықтың өлекселері шығарылғанын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Азамат Сәрсенбаевтың жеке архивінен
"Баутин ауылында соңғы дауылдардан кейін жағалауға Қызыл кітапқа енген жүздеген итбалықтың өлексесі табылды. Қазіргі ғалымдар тек 151 итбалықтың денесін санады", – деп жазды Азамат Сәрсенбаев.
Оның айтуынша, ғалымдар өлген итбалықтардың денесінен ауыр жарақаттарды байқаған. Итбалықтардың бұлай жаппай қырылу себебі әзірге нақтыланбай жатыр.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Каспий теңізінде браконьерлерден 67 итбалықты табылып, теңізге қайта жіберілгенін жаздық. Сонымен қатар Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық істер қозғалды. Ал мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.