Маңғыстау облысында референдум күні туған балаға Атазаң деген есім қойылды

Маңғыстау облысында республикалық референдум өткен күні көпбалалы отбасылардың бірінде ұл бала дүниеге келіп, оған Атазаң есімі берілді.
Ол – отбасындағы тоғызыншы перзент. Ұл бала 4130 грамм салмақпен, 57 сантиметр боймен өмірге келді. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен сәбидің жағдайы жақсы, өздерін қалыпты сезінеді.
"Ұлымыз ел үшін маңызды күні дүниеге келді. Сол себепті бұл күн отбасымыздың тарихында мәңгі сақталсын деп оған Атазаң деп ат қойдық. Болашақта елін сүйетін, Отанға пайдасын тигізетін азамат болып өссе дейміз", – деді нәрестенің анасы.

Ата-анасының айтуынша, ұлдарының ел үшін маңызды күні дүниеге келуі олар үшін үлкен қуаныш әрі өмір бойы есте қалатын сәт.
Перзентхана дәрігерлері ата-ананы қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбиге мықты денсаулық, амандық және бақытты балалық шақ тіледі.

Кішкентай Атазаңның дүниеге келуі отбасы үшін тағы бір қуанышты оқиға болып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси күнде басталған жаңа өмірдің символына айналды.
Туыстары мен жақындары ата-ананы қуанышымен құттықтап, сәбиге бақытты әрі жарқын болашақ тіледі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?