Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында қаңғыбас мысық тістеп алған ер адам көз жұмды

Фото: depositphotos.com

Қаңғыбас мысық тістеп алған Маңғыстау облысының тұрғыны құтыру ауруынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай, мысық тістеп алғаннан кейін ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген, соның салдарынан ауру өліммен аяқталған.

Осы жылдың тоғыз айында Маңғыстау облысында жануарлардың тістеуі мен тырнауынан 1 351 адам зардап шеккен.

“Иттердің тістеуінен 823 адам, мысықтардың тістеуінен 461 адам, ал басқа жануарлардан (жылқылар, тышқандар, түлкілер) – 67 адам зардап шекті. Жануарлардың шабуылдарының көпшілігі иттерге – 64,7%, мысықтарға – 34,1 % тиесілі”, – деді Маңғыстау облысының аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы Жарас Белгібаев.

Мамандар кез келген ит, мысық немесе басқа жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейінің түсуі жағдайына дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін және медициналық мекемеде тағайындалған антирабиялық екпелерді толық алу керегін қатаң ескертеді.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында әйел мысық тістеген соң көз жұмғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 03 Қараша, 2025 21:35
Талқылау