Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында әскери дронға ұқсас белгісіз ұшатын нысан табылды

Фото: lada.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында тұрғындар әскери дронға ұқсас белгісіз ұшатын нысан тауып алған. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталған мәліметке сәйкес, ұшатын аппаратты куәгерлер 19 маусым күні шекара маңындағы Болашақ теміржол станциясының маңынан тапқан.

Табылған нысан жөнінде тиісті органдарға хабар берілген.


БҚО-да табылған ұшқышсыз аппарат: Полиция құпия бақылау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр


Маңғыстау облыстық полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Нысан елді мекендерден алшақ орналасқан жерде табылды, ешқандай залал келтірілмеген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет осындай ұшқышсыз аппарат табылған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 19 Маусым, 2025 22:56
Талқылау