Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында тағы бір 19 жастағы сарбаз психиатриялық клиникаға түсті

Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз психиатриялық клиникаға түсті

Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз психиатриялық клиникаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

19 жастағы Нұргелді Байыштың анасы Жарқынай Лұқпанованың айтуынша, ол әскерге мүлде сау болып кеткен, алайда 5 айдан кейін "тұлғаның бұзылысы" диагнозымен оралған. Анасының сөзінше, әскерге дейін ұлының денсаулығына қатысты ешқандай мәселе болмаған. 

"18-19 жасқа дейін дені сау болып келген баламыздың бірнеше айда осындай ауруға ұшырауы ақылға қонбайды. Бұл – оның болашағына балта шабу", – дейді ол.



Дәрігерлердің мәліметінше, қазір бақылауда 3 мерзімді әскери қызметкер бар. Диагноз қойылған тағы 4 сарбаз үйлеріне жіберілген.

"Жекелеген жарияланымдарда таралған жеті әскери қызметкердің өз-өзіне қол жұмсауға бейім мінез-құлық танытқаны жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазір медициналық мекемеге әскери борышын өтеп жатқан үш сарбаз жатқызылған, олардың тарапынан өз-өзіне қол жұмсауға бейімділік әрекеттері байқалған жоқ", – делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Арнайы мекемеде ем қабылдап жатқан сарбаздардың арасында алматылық 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров те бар. Бұған дейін Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз Сұлтан Шынтеміровтың жындыханадан бір-ақ шыққаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 19:07
Талқылау