"Оқуға түсуге дайындалып жүрген еді": Маңғыстау облысында түсініксіз жағдайда қаза тапқан 11-сынып оқушысының отбасы әділдікті талап етті
Маңғыстау облысында 11-сынып оқушысы түсініксіз жағдайда көз жұмды. Марқұмның туыстары оның мотоциклден құлап қалғанына сенбейді. Айтуларынша, оның денесінде соққы іздері болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Lada.kz
Оқиға Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында 8 сәуір күні болған. Маңғыстау облысының заң консультанттары палатасының мүшесі Ажар Әбділ өзінің Facebook парақшасында оқиға туралы жазды.
“Марқұмның ата-анасының айтуынша, жерлеу алдындағы соңғы минуттарда, бірдеңенің дұрыс емес екенін байқап, оқушының денесін Ақтаудағы мәйітханадағы медициналық сарапшыларға жіберді. Олар алдын-ала тексеруден өтіп, зорлық-зомбылықтан келген өлім екенін анықтады Сұрақ: бұл іс тіркелген бе?” – деп жазды Ажар Әбділ.
Адвокат атап өткендей, жігіттің туыстары сол күні не болғанын баянап берген. Олардың айтуынша, жігіт достарымен бірге кеткен. Кейін мотоциклден құлап қалды деп денесін үйне әкелген.
“8 сәуірде кешкі сағат 21:00-де ол әкесінен ақша алып, бір жерге бару керек екенін айтып, үйден шығып кеткен. Сағат 23:30-да достары оның денесін әкелді. Ең бастысы, кінәлі адамды ұстау-біздің басты талабымыз. Бұл зорлық-зомбылықпен жасалған өлім. Оның достарының телефондарындағы барлық чаттар, хат-хабарламалар жойылып, тазартылған. Інімнің телефонын ғана аша алмаған, сонда бәрі сақталып тұр. Медициналық сараптама нәтижелері әлі дайын емес. Бірақ біз өлімге не себеп болғанын нақты анықтауды күтеміз”, - деді марқұмның немере ағасы Сәкен Қуанышбеков.
Тағы бір ағасы Амангелді Қуанышбеков Сағындықтың дені сау, спортпен шұғылданғанын жеткізді.
"Ол сағат 23:00-23:30-да көз жұмған. Оның достарына Сағындықтың мотоциклден құлап қалды деп айтуды бұйырған. Қазір ауылда баланың жүрегі ауырды деген қауесет тарауда. Бірақ бұл өтірік, ол сау болды. Күн сайын жаттығуға барып, спортпен айналысатын. Белгілі болғандай, оны ұрған. Оның достары оларды ұрғанын мойындады. Оларға сарайды тазалау үшін біреудің үйіне аруға мәжбүрлеген. Ал менің інім бұған көнбеген. Сол үшін оны ұра бастаған", – деді Амангелді Қуанышбеков.
Марқұмның отбасы денені тексеру кезінде ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көрген. Сондықтан мәйітті дереу сараптамаға жіберген. Туыстары оның достарын жинап, шындықты айтқызуға тырысқан. Достары ауылда жастарға күш көрететін "старшактар" бар екенін айтқан. Олар жігіттердің барлығын бір қатарға тұрғызып, әрқайсысын бір-бірден ұрып шыққан. Ал Сағындыққа соққы жасағанда ол " ай " деп құлап түскен. Достары оны медбикеге апарған. Алайда медбике оның мерт болғанын айтқан.
Көз жұмған Сағындық ата-анасының жалғыз ұлы. 11-сыныпта оқып, университетке химия-билогиялық бағытқа түсуге дайындалып жүрген.
Кейін құқық қорғау органдары марқұммен бір ауылда тұрған 20 жастағы жігітке іздеу жариялады.
“Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікті (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) ұсталды”, – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Орал тұрғынын ең жақын досын өлтірді деп айыптады: Марқұмның анасы ер адамның кінәсіз екеніне сенеді
Егер тергеу жүргізіліп жатқан бап өзгермесе күдіктіге мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.