"Мәңгілік жүрегімдесің": Марқұм Қайрат Беркімбаевқа деген сағынышын бәйбішесі жыр жолдарымен жеткізді
Ләйлә Сұлтанқызы өзінің марқұм жолдасын әлеуметтік желіде аса көп көрсете бермейді. Ал бүгін Stan.kz ақпарат агенттігі марқұм Қайрат Беркімбаев туралы тың ақпараттарды оқырман назарына ұсынуды жөн санады.
57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды. Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы – Қайрат Беркінбаевтың жұбайы. Бүгінде марқұм Қайрат пен Ләйләнің Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар.
Ләйлә – кәсіпкердің екінші жұбайы. Бұл туралы журналист "Аңыз адам" журналына берген сұхбатында “Сездім. Бойдақ жігітке тұрмысқа шықпайтынымды да білдім. Өйткені өмірде өз орнын тапқан, белгілі кәсібі бар, ойы, білімі, өмір сүру салты қалыптасқан жігіттердің, біріншіден, жасы үлкен, екіншіден, басы бос болмайды. Сенің қанша жыл бойы тырбаңдап, өз еңбегіңмен жетілгеніңді, сөйтіп жүріп жан-жағыңа көз салуға шамаңның болмағанын кім біліп жатыр? Бірақ Алладан шын тілесең, бәрібір жақсы адамды кездестіреді екен.
Мен өз тағдырымнан әбестік көрмеймін. Иә, ол кісінің бірінші отбасы болғаны, ол әйелінен үш перзенті бары рас. Қайрат әу баста-ақ ештеңені жасырмай, бәрін ашық айтты. Қосылған күннен бастап мені жарым деп жанына ертіп жүрді” деп ағынан жарылған еді.
Жан жарына деген сағынышын марқұмның бірінші әйелі төмендегі өлең жолдарымен жеткізіпті.
"Қиналып арқа сүйерім,
Жердегі мықты тірегім.
Кеткенің бе, жаным,
Сенсіз қалай жүремін?
Асылдардың бірі едің,
Көзімнің аппақ нұры едің,
Іздемей сені, асылым,
Шыдар ма екен жүрегім?
Сене алар емеспін...
Мәңгілік жүрегімдесің", – деп Меруерт Беркінбаева өз парақшасында жоқтау хатын жариялады.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
