Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман мандариннің кімдер үшін аса қауіпті екенін айтты

Дені сау адам қанша мандарин жей алады және қандай жандарға цитрус жеуге қатаң тыйым салынады. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, диетолог Маргарита Королева айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Москва 24 порталына сілтеме жасап. 

Диетологтың айтуынша, дені сау адам организмге қандай да бір зиянын тигізбестен күніне жарты килограмм мандарин жей алады.

"Күніне екі рет 250 грамм рұқсат етіледі. Екі мандаринді рационға қосып, негізгі тағамдар арасында жеуіңізге болады", – дейді Королева. 

Дәрігер мандариннің қоректік биологиялық белсенді компоненттерге бай маусымдық өнім екенін атап өтті. Диетолог оны күнделікті тағам рационына енгізуді ұсынады. 

"Мандариннің құрамында көптеген пайдалы компоненттер бар. PP дәрумені, С дәрумені, өсімдік жасұнықтары, В дәрумені", – дейді маман. 

Оның айтуынша, мандаринді аллергиялық реакциясы бар адамдар сақтықпен жеуі керек. 

"Егер адамның аллергиялық реакциясы болса және оны ұмытып кетіп, бір дегенде жарты килограммға дейін мандарин жесе, онда бұл анафилактикалық шокқа дейін аяқталуы мүмкін", – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, дәрігер семіздік пен қант диабетіне бейім адамдарға маусымдық жемісті асыра сілтеп пайдаланбауға кеңес береді. 

Талқылау