"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты
"Манчестер Юнайтед" футболшыларына Нұр-Сұлтан көшелерінде ұзақ уақыт жүруден бас тартуға кеңес берілді. Танымал футбол клубы елордаға Еуропа лигасы турнирі, топтық кезеңнің бесінші турының аясында "Астана" футболшыларымен матч өткізуге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ESPN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәлімдеуі бойынша, Қазақстанның астанасында ауа-райы салқын болған соң, спортшыларға сыртқа шығып, серуендеуден бас тартуға кеңес берілген. Он минуттан артық далада жүрмеуді сұраған. Матч күні температура минус 20 градусқа дейін жетіп қалатыны ескертілді.
"Астана" және "Манчестер Юнайтед" арасындағы матч 28 қарашада, "Астана Аренада" өтеді.
Манкуниандықтар Еуропа лигасының плей-офф атты кезеңіне шықты. Команда төрт мачта он ұпай жинады. Ұпай жинай алмаған "Астана" командасы L кестесінде соңынан санағанда бірінші орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның 14 жастағы футболшысы Португалия клубына шақырту алғанын жазған едік.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"