"Манчестер Сити" клубының ойыншысы өзбекстандық Абдукодир Хусанов сүйіктісіне ұсыныс жасады
“Манчестер Сити” футбол клубының қорғаушысы, Өзбекстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абдукодир Хусанов өз сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ағылшындық команданың футболшысы ұсынысты туған жері Өзбекстанда жасаған. Хусанов сүйгенінен “иә” деген жауап алды. Әзірге бойжеткеннің жеке басына қатысты нақты ақпарат жоқ.
Абдукодир шаңырақ көтеруді Англия премьер лигасы аяқталғаннан кейін өткізбек. Алдын-ала болжам бойынша үйлену тойды 27 мамырда жасамақ. Дәлірек айтқанда, “Манчестер Сити” ойыншылары демалысқа шығатын уақытқа келеді. Алайда, әзірге футболшының өзі де, оның отбасы да бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.
Өзбекстандық БАҚ өкілдері үйлену тойға “қалалықтардың” бас бапкері Хосеп Гвардиола, ойыншылар Кевин Де Брюйне, Эрлик Холанд және Джек Грилиш секілді Еуропа футболының жұлдыздары келуі мүмкін екенін айтуда.
Бұған дейін, Абдукодир Хусановты “Манчестер Сити” командасының ақпан айындағы үздік ойыншысы болғанын хабарлаған едік.