Мамырдағы инфляция 11,3% болды: Қазақстанда қандай өнімдер қымбаттады
Фото: Дмитрий Рогулин / "Городские вести"
2025 жылдың мамыр айында Қазақстандағы инфляция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3% болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамыр айында баға сәуірдегі 1,2%-ға қарсы 0,9%-ға өсті. Ақылы қызметтердің құны 1,3% жоғарылады. Ал азық-түлік тауарлары 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% қымбаттады.
Мына тауарлардың бағасы өскені анықталды:
- лимон – 9,1%;
- алма – 6,1%;
- алмұрт – 5,2%;
- жүзім – 5,1%;
- неке алтын сақинасы – 4,6%;
- құрылыс материалдары – 1,1%;
- киім және аяқкиім, жеке тауарлар – 0,8%.
Тарифтер де өсті:
- суық су – 4,2%;
- кәріз жүйесі – 1,6%;
- тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 1,5%;
- электр энергиясы – 1,4%.
Темір жол көлігінің қызметі 2,1%, санаторийлер 2% өсті.
Бағаның төмендеуі мына тауарлардан байқалды:
- қияр – 37,1%;
- қызанақ – 19,8%;
- қырыққабат – 7,7%;
- банан – 5,7%;
- жұмыртқа – 2,4%.
Ең төменгі айлық инфляция Қарағанды облысында – 0,2%, одан кейін 0,3% көрсеткішпен Астана қаласында, сосын Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарында – 0,6% тіркелді.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда шаштараз және сұлулық салоны қызметтері 14,6%-ға, санаториялық-курорттық қызмет 14,4%-ға қымбаттады. Сондай-ақ ноутбуктер 46,5%-ға, алтын неке сақиналары 35,6%-ға, планшеттер 31,9%-ға қымбаттады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда криптовалютаға азық-түлік алып, қызмет төлеуге жағдай жасалатыны туралы жазған едік.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
