Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар жуынатын судың температурасы қанша болу керегін айтты

Фото: Hananeko_Studio / Shutterstock / Fotodom

Дерматолог Андреа Комбалия жуыну кезінде судың температурасы үлкен маңызға ие екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі La Razon басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, суық сумен жуынғанда тері майы қатайып, тазартқыш құралдың әсер етуіне кедергі келтіреді. Ал тым ыстық су да жарамайды. Өйткені ол терінің қорғаныш қабатын сақтап тұратын липидтерді жояды. Дәрігердің айтуынша, дұрыс тазаланбау салдарынан адам терісі құрғап, тітіркенуі мүмкін. Онымен қоса терінің сезімталдығы артуы ықтимал дейді.


Тырнақтың сынуы, терінің құрғауы: Дәрігер көбі елемейтін белгінің қандай ауруға тән екенін айтты


Зат алмасу, гормондық жүйе мен семіздік: Дәрігер омега-3 май қышқылы адамға не үшін маңызды екенін түсіндірді


Дерматолог Рикардо Руис Родригестің айтуынша, жуынатын судың температурасы 28–30 градус болуы тиіс. Дәл осындай температура тазартқыш құралдың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне процедурадан кейін қызару немесе терінің тартылу сезімін тудырмайды. Бұл әсіресе сезімтал терісі бар адамдар үшін маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін Мамандар қартаю жылдамдығын анықтаудың қарапайым тәсілін ұсынғаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 20:00