Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мамандар: Бала күнінде психологиялық жарақат алған қыз кейін "чайка қыздарға" айналады

Абайлаңыз елордада шағалалар қаптап кетті! Біз кәдімгі құс емес, аруларды айтып тұрмыз! Жайдақ тілге салғанда ондайларды біздің қоғамда "Чайка" дейді.

Мамандар: Бала күнінде психологиялық жарақат алған қыз кейін
Әлгі Қазақстандық  "Гетто догс" тобы әндетпекші, тегін тамақ, тегін көлік пен тегін қыдырысты торуылдайтын бұрымдылардан, бүгінде аузы күйген азаматтар күн санап артып барады. Олар мұндай өмірге неге құштар? Мамандар не дейді? Жігіттердің де базынасын тыңдадық! Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Иә, Нұр-Сұлтанда бай-бағландардың қалтасын аңдып, тегін тамақ ішуді көздейтін бойжеткендер көп. Ең қызығы олар қымбат мейрамханаларды қойып, қарапайым дәмханаларды торуылдауға көшкен дейді жігіттер.  

Психологтардың пайымынша, тәні үйде болса да қылығытүзде жүрген бойжеткендердің жеңіл өмірге құштарлығына қоғам кінәлі. Қазіргі жігіттер де әбден мұндай бұрымдыларды алыстан танитын деңгейге жеткен. Оны мамандар растап отыр.

«1-2 рет мұндай қыздарға тап болған жігіттер, сыртынан бір қарағаннан шағала қыздар екенін біле алады. Соңғы үлгіде киінеді, көпшілік ортада ерекше көрсетіп отырады. Олар көбіне жалғыз жүреді. Тіл табысуы да жылдам...ақшалары кофе, бір шөлмек сыра алуға жетеді. Жан-Жағына қарап құрбандықтарын іздеп, көздерінен байқап тұрады», - деді психолог Балабек Сақтағанов.

Кез келген еркекті шебер айналдыратын арулар Алматы мен Нұр-Сұлтанда қаптап жүр дейді Сабыржан. Өйткені мұндай қыздардан үлкен қалада жүріп аузы әбден күйіпті.

"Әдемі екі қыз қарама-қарсы отыр да. Біздің үстелге келді. Одан кейін, жігіттер ананы алсақ бола ма, мынаны алсақ болама, енді, біздерде артық ой жоққой, жарайды, қыздар ала беріңдер дейміз. Тағы темекі тартуға көшеге шықтық. Келсек ана қыздар жоқ. Біз үш бала бір-бірімізге қарап, не істейміз, не істейміз, енді амал жоқ, әрқайсысымыз үш телефон тастадық. Тастадық барымызды. Содан кейін көк тиын жоқ, общагаға дейін жаяу қайтқанымыз есімізде бар", - дейді кейіпкер Сабыржан Айдаров.

Ал қоғам белсендісі Индира Тәукенова, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі жастарымыздың намыссыз болуына әкеп соғуда деген пікірде. Яғни бүгінгі жастар тәрбиені үйден емес, әлеуметтік желіден алуда.

«Бұл жерде рухани байлық пен адамның намысының әлсіреуі. Осымен байланыстырар едім. Мынау әлеуметтік желі тәрбиелейді, ютуб тәрбиелейді. Бұл жерде өте қателік, үйдегі аналардың сүйегінен өткізіп отырып ескертулерін, қазақтың салт-дәстүрін енгізе алмағандықтан», - дейді қоғам белсендісі Индира Таукенова. 

Жігіттердің шағала қыздарға деген ой-пікірін білмек болып, кішігірім сауланама жүргіздік.

«Достарыма кездескендер бар. Машина үшін, ақша үшін кездескендер бар».

«Ондай жігіттерде кездеседі, клубты жағалап. Чайка қыздар клубта кездеседі».

«Кездесті, көп мән бермеймін. Кетіп қалу. Негізі Алматыда көп шығар».
Көшеде жүргізген сауалнама нәтижесі мынадай!  Жігіттердің 30-пайызы қыздардың бәрі шағала деп есептейді екен. Тағы 24-ті мұны жезөкшелікке теңестіреді. Қалған 10-пайызы өздеріне өздері төлесін десе, 7 пайыздайы керісінше қыздарды қыдыртып, оларға шығынданғанды ұнататындықтарын айтты.

«Қызын асырай алмаған күн қылады, ұлын асырай алмаған құл қылады деген. Демек, бұл жерде отбасылық  тәлім-тәрбиеде.... көмек беру, бағыт-бағдар беретін әкенің де шешенің де жағдайы ескеріледі демекпін. Отбасылық институтын дамыту, нығайту, жүріс тұрысы азаю тиіс», - деді әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы. 

Ең қызығы, алматылық жігіттер жеңіл өмір сүруді қалайтын бойжеткендерге қарсы «Анти  Чайка» группасын ашыпты. Мұнда, дәл осындай жеңілтек қыздарға тап болған ер азаматтар бастан кешірген оқиғаларымен қатар, олардың суреттерін жүктеп, өзге жігіттерді абай болуға шақыруда!

Біреудің қаражатына өмір сүргенді ұнататын шағала қыздарға  үкім шығарамыз. Тіпті ер азаматтарды да дәл осындай жаза күтіледі.
Осылайша шағала қыздардың басым бөлігі бала кезінде "психологиялық травма" алған.  Ішкі күйзеліс, әлеуметтік жағдайының төмендігі оларды ашкөздікке әкеп соғады екен. Сондықтан да ата-ана қыз баланың тәрбиесіне мейлінше ерте араласқаны абзал дейді мамандар.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...