Мамандар әтірді кіндікке себуге кеңес берді
Әдетте біз әтірді мойынға және білекке себеміз. Алайда, мамандардың айтуынша, бұл әрекетіміз қате. Мұның орнына олар оны кіндік тұсына себуді ұсынады.
Takasago компаниясының парфюмері Стивен Клэйстың айтуынша, адамдар әтірді қалыптан тыс жерлерге себу арқылы оның иісін ұзақ мерзімге сақтай алады. Әңгіме әлі де кіндік туралы өрбіп жатыр. Ол – біздің тәніміздің тура ортасы әрі жылу бөледі. Клэйстың айтуынша, жылу бөліп шығаратын денеміздің кез келген бөлігі әтірдің иісін еселей түседі. Мұнымен қатар, эксперттер әтірді шаштың ұсына себуге кеңес береді.
Шашқа әтірді артығымен сеуіп жіберетін болсаңыз, ол құрғап кетеді. Сол себепті, оны мөлшерден тыс пайдаланбауға тырысыңыз. Стивен Клэйс, мұнымен қатар, оны құлақтың артқы бөлігіне себуге кеңес береді. Бұл аймақ майлы болғандықтын, хош иіс ұзақ уақыт сақталады. Бұдан өзге жиі көйлек киетін қыздар парфюмді сандарының ішкі бөлігіне сепкендері жөн. Жүрген кезде дененің бұл бөлігі де жылу бөледі екен.
Жіберіп алмаңыз:
Киімнің бұл 3 түсі сыртқы келбетіңізді «қымбат» көрсетеді
63 жыл түрмеде отырған тұтқын бостандыққа шығудан бас тартты
Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
Психологтар балалар үшін ең қауіпті мультфильмдердің тізімін жасады