Маман жас көрінуге көмектесетін жемістерді атады
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің терапевті Амир Хан жас көрінуге көмектесетін жемістерді атады. Оның сөзінше, қауын, апельсин және құрамында суы көп басқа да жемістер жас көрінуге көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: photoforum.ru
Маманның айтуынша, өз-өзіңді күтудегі басты қателік судың жетіспеушілігі.
“Суды аз тұтыну сыртқы келбетке әсер етеді. Тері құрғап, әжімдер анығырақ көрінеді. Сондай-ақ буын саулығына, ас қорытуға және өзіңді жас сезіну үшін қажетті қуат деңгейіне теріс әсер етеді. Сондықтан суды көп ішіп, қауын мен апельсин сияқты жемістерді жеңіз. Олар су балансын сақтауға көмектеседі", – дейді терапевт.
Сондай-ақ маман смартфон, теледидар мен компьютердің алдында ұзақ отыру терінің серпімділігін жоғалтып, қартаюды жеделдетеді дейді.
“Гаджет терінің жастығын сақтайтын коллагенді бұзатын көк жарық шығарады. Бір орында көп отыру адамның сырт келбетіне зиянын тигізеді. Қозғалыссыз отыра берсеңіз қаныңыз бұзылып, тері сұрғылт реңкке ие болады.
Айта кетейік, бұған дейін Дәрігер сарымсақ пен пияздың суық тиюден басқа да ауруларды емдей алатын қасиетін айтқан еді.