Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ұзақ уақыт ұйықтаудың қауіпі туралы айтты

Сомнолог, кардиолог, терапевт, ESRS халықаралық деңгейдегі ұйқының бұзылуы бойынша сарапшы, медицина ғылымдарының кандидаты Надежда Бурко ұзақ ұйқы семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша ұйқының қанбауы да, оның артық болуы да біздің әл-ауқатымызға үлкен әсер етеді. Салдарынан бас ауруы, шаршау сезімдері пайда болады.

"Тым көп және тым аз ұйықтау жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, семіздік пен мазасыздықтың жоғарылау қаупіне әкеледі. Кейбір жағдайларда депрессия немесе тыныс алудың үзілістеріне байланысты ұйқының бұзылуы мүмкін. Бұндай кезде  негізгі ауруды диагностикалау және емдеу қажет", - деді Надежда Бурко.

Медициналық психолог Олег Долгитский ұзақ ұйықтау денсаулыққа қатысты проблемаларды көрсете алатынын растады.



"Қалыпты жағдайда адамның ұйқысының ұзақтығы шамамен сегіз сағат болуы керек. Егер осы уақыт ішінде ағзаның қалпына келуге уақыты болмаса, ағзада бұзылулардың бар екені анық белгі болады", - деп атап өтті сарапшы.

Оның пайымдауынша ұйқының ұзақтығы адамның қалпына келу уақытының жеткіліксіздігінен болады. Бұл стресстің жоғары деңгейін көрсетуі мүмкін.

Психолог осы кезеңде стресс деңгейін арттыратын факторларды азайтуға кеңес береді. Сондай-ақ демалыс режиміне және серуендер, дене шынықтыру сияқты физикалық белсенділікке қосымша назар аудару керек.

Талқылау