Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ұзақ қарым-қатынас құру үшін ерлі-зайыптының жас айырмашылығы қанша болу керегін айтты

Фото: freepik.com

Психолог Элоиза Скиннер серіктестер арасындағы ұзақ қарым-қатынасқа қандай жас айырмашылығы ықпал ететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Психологтың айтуынша, жас айырмашылығы аз болған сайын қарым-қатынас ұзаққа созылуы ықтимал.

“Жастары шамалас жұптар өмірдің ұқсас кезеңінде болады, қаржы, жинақ пен инвестицияға қатысты көзқарастары ұқсас келеді. Мұндай жұптардың физикалық мүмкіндіктері де сәйкес болады. Демалысты бірге өткізуге деген қызығушылықтары ұқсас. Олар бала тәрбиесіне қатысты міндеттерді бөлісуде және болашаққа жоспар құруда ортақ шешімге келе алады”, – дейді маман.


Маман қартаюды жеделдететін азық-түліктерді атады


Ұзақ өмір сүрудің тағы бір құпиясы ашылды


Зерттеуге сәйкес, серіктестер арасындағы жас айырмашылығы неғұрлым үлкен болса, уақыт өте келе олардың өмірлік көзқарастары, қызығушылықтары мен жоспарлары алшақтай түсуі мүмкін. Соның салдарынан қарым-қатынастағы үйлесім азайып, бір-біріне деген қанағаттану деңгейі төмендеуі ықтимал.

Маманның пікірінше, ең қолайлы жас айырмашылығы – 0-ден 3 жасқа дейін.

Айта кетейік, бұған дейін Маман мінсіз жұп болу үшін ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы қанша болу керегін айтқан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2026 20:05