Маман дәретханаға телефонмен баруды әдетке айналдырған адамдарға ескерту жасады
Фото: freepik.com
Гастроэнтеролог Триша Пасрича дәретханаға телефонмен бару әдетінің салдарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, әлеуметтік желілерді парақтағанды ұнататын адамдар әдетте дәретханада әлдеқайда көп уақыт отырады. Дегенмен бұл геморройға, анальды жарықтардың пайда болуына, тіпті тік ішектің түсуіне әкелуі мүмкін.
"Егер сіз унитазда сағаттап отырсаңыз, ол тіндердің әлсіреуіне және тамырлардың ісінуіне әкеледі", – деді маман.
Мұндай аурулардың алдын алу үшін гастроэнтеролог дәретханаға телефон алып бармауға кеңес берді. Ал онсыз болмайтындарға екі видеодан артық қарамауды ұсынды. Сонымен қатар ол дәретханадан кейін қолды ғана емес, гаджеттерді де ылғалды сүрткішпен дезинфекциялау маңызды екенін еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Маман күзге арналған ең пайдалы өнімді атаған еді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)
Оқиға 16 шағынауданда орналасқан Несібелі тұрғын үй кешенінде болған
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"