Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман әлеуметтік желіде айтылатын денсаулыққа қауіпті үш мифті жоққа шығарды

Британдық хирург Каран Раджан әлеуметтік желіде денсаулыққа қатысты үш танымал мифті жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ВКонтакте

Дәрігер атаған алғашқы миф кофе клизмасының пайдасы. Оның айтуынша, бұл әдіс ішек жұмысы мен ас қорытуды жақсартпайды. 

“Кофе клизмасы ішектің шырышты қабатын зақымдап, микробиоманы бұзуы мүмкін. Тіпті тік ішектің күйіп қалуына, электролиттік теңгерімсіздікке немесе сепсиске әкелуі мүмкін”, – деді маман.

Маманның айтуынша, паразиттерге қарсы препараттар салмақ тастауға көмектеседі деген мифке сенбеу керек. Ол бұл әдісті пайдасыз әрі қауіпті деп атады. Хирург артық салмағы бар адамдарға дәрігермен кеңесіп, теңдестірілген және қалыпты диетаны ұстануға кеңес берді.

Раджан әлеуметтік желіде танымал деп есептейтін тағы бір қате пікір – салат суын ішуге кеңес беру.

Оның айтуынша, блогерлер салат жапырақтарын суға қайнатып, алынған тұнбаны жатар алдында ішуді ұсынады.

"Салат жапырағының құрамында жұмсақ седативті әсері бар лактукарийдің аз мөлшері бар. Бірақ оның концентрациясы әсер ету үшін тым төмен", – деді хирург.

Талқылау