"Мәліметтерді жариялап жіберемін": Шымкенттік блогер кәсіпкерден миллиондап ақша бопсалаған

Фото: Түркістан облысы ПД
Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, блогер әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткен.
Полиция блогерді Сайрам ауданындағы мейрамханада 6900 доллар көлемінде ақша алып жатқан сәтінде ұстады.
“Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Қызылордада шенеуніктер "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлерден 88 миллион теңге бопсалағанын жазғанбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"