Мальдив аралдарындағы жаңа қонақ үй меймандары акулалардың арасында ұйықтай алады (фото)
Мальдив аралдарында жаңа шипажай ашылды. Ондағы қонақ үй меймандары акулалардың арасында ұйықтай алады.
Сурет: Conrad Maldives Rengali Island
Бұл туралы Daily Star басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қонақ үйдегі су астындағы бөлме 50 метр тереңдікте орналасқан. Мұндай бөлмені салу үшін инвесторлар 10 млн еуро (3 млрд 960 млн теңгеден аса) жұмсаған. Есесіне онда 9 адам орналаса алады.
Қонақ үйге «Мурака» атауы берілген. Бұл жергілікті тілде «Маржандар» деген мағынаны білдіреді.
Қонақ үй 2 қабаттан тұрады. Оның тек бір қабаты су астында орналасқан. Онда қонақтар Үнді мұхитындағы тіршілікті тамашалай алады.
Бейресми деректер бойынша, қонақ үйді бір түнге жалға алу үшін 35 мың доллар (11 млн теңгеден аса) төлеу керек. Бұл сомаға қонақ үйде тұру ғана емес, күнделікті 90 минуттық массаж сеанстары, фитнес-жаттықтырушының қызметі және жеке катерді жалға алу мүмкіндіктері кіреді.
Аталған қонақ үй 2018 жылдың соңынан бастап қонақтарды қабылдай бастайды.
Оқи отырыңыз:
Тоңазытқыштағы жағымсыз иістен қалай арыламыз: Тұрмысқа қажетті 9 кеңес