Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Франция президенті мен Германия канцлері Киевке барар жолда есірткі тұтынды деп айыпталды

Фото: Stefan Rousseau - WPA Pool/Getty Images

Әлеуметтік желіде Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің Киевтегі кездесуі көрсетілген видео тарады. Журналистер залға кірген сәтте Макрон мен Мерц үстел үстіндегі бірнәрсені асығыс түрде жасырып жатқандай көрінеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да Еуропа елдерінің басшыларын есірткі қолданады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Франция президенті Эммануэль Макронды, Германия канцлері Фридрих Мерцті және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармерді есірткі қолданды деп айыптады.

"Украина президенті Владимир Зеленскийді Еуропада бейбіт реттеуді болдырмай, қантөгісті жалғастыруға бағытталған кезекті зұлым әрекетке итермелеп отырғандай. Әзілдегідей, француз, ағылшын және неміс пойызға отырып алып… тартып жіберді", – деп жазды Захарова.

Ресейлік дипломаттың пайымдауынша, саясаткерлер есірткі заттарын тұтыну үшін "пакет пен қасық" пайдаланған.

"Еуропаның тағдырын шешіп отырғандар өздері де – тәуелді, уақытша билік басындағы адамдар. Бұл көріністер, расымен, таңғаларлық. Бейне бір Жаратушының өзі осы лас жиынды жұрт көріп, шындыққа көзі жетсін деп, пердені сәл ашып қойғандай. 2022 жылы мен бір батыс елшісінен "Сіздер есірткіге тәуелді, жүйкесі тұрақсыз Зеленскийге қалайша қару жеткізесіздер? Ол баяғыдан бері кокаин қолданады ғой?" деп сұрадым. Сонда ол "Еуропалық Одақ үшін бұл қалыпты жағдай, көптеген батыс елдерінің басшылары есірткі қолданады" деп жауап берді", – деді Мария Захарова.

Көптеген қолданушы Макрон "ақ ұнтақ салынған пакетті" қалтасына салып жатқанын болжады. Тіпті, кейбіреулер Мерцтің қолындағы затты "есірткіге арналған түтікше" деп санады. 

Алайда француздың беделді Libération газеті бұл болжамдарды жоққа шығарып, түсініктеме берді. Басылымның жазуынша, интернетте таралған видео төмен сапада өңделген, бұл түрлі қастандық теорияларына себеп болған. Алайда жоғары сападағы жазбаларда Макрон қалтасына салған зат бұл салфетка екені анық көрінеді. Ол кездесу басталардан бұрын үстелде жатқан.

Сондай-ақ Мерцтің қолындағы зат түтікше емес, жай ғана араластырғыш таяқша немесе қасық болғаны жазылған. Сондықтан да саясаткерлер бұл заттардың ресми фотоларға түсіп қалуын қаламаған болуы мүмкін.


"Путинді Түркияда күтемін": Зеленский, Трамп және басқа көшбасшылар Путиннің келіссөз жүргізу туралы ұсынысына қалай жауап берді


Путин Украинаға ешқандай шартсыз тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды


Еске салайық, Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер 10 мамыр күні таңертең Киевтің бас теміржолына келді. Оларды Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига мен Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак қарсы алды. Эммануэль Макрон да осыған ұқсас ұстанымын білдірді. Ол егер Мәскеу 30 күндік атысты тоқтату шарттарын қабылдамаса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті бірнеше күн ішінде енгізілуі мүмкін екенін айтты.

"Біз алдағы күндері жаңа санкциялар пакетін енгізуіміз мүмкін", – деді Макрон LCI телеарнасына берген сұхбатында.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 14:43
Талқылау