Макрон ғана емес: Трамптың тікұшақта әйелімен сөзге келіп қалған сәтінің видеосы тарады

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп пен жұбайы Мелания Трамптың арасында тікұшақта болған келіспеушілік камераға түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кадрлардан Трамптың Меланияға ашулы күйде бір нәрсе түсіндіріп жатқаны, тіпті саусағын шошайтып, қатты сөйлегені байқалады. Ал Мелания басын шайқап, үнсіз ғана жауап қайтарған.
Олардың нақты не үшін сөзге келгені белгісіз. Видео Трамптар БҰҰ Бас Ассамблеясынан Нью-Йоркке оралған кезде түсірілген.
Еске салсақ, бұған дейін Франция президенті Макронды әйелі бетінен шапалақпен салып жіберген видеосы тараған еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті