Макрон Францияда ерікті мобилизация жариялады
Франция президенті Эммануэль Макрон ел әскерін нығайту үшін жас еріктілерді жұмылдыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Le Monde басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Reuters.com
Сессон-Севиньдегі әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Макрон әскерге жас сарбаздарды көбірек жұмылдыру жобасын ұсынды.
Сондай-ақ Макрон Францияның қорғаныс стратегиясының жаңартылған форматын ұсынды. Макронның айтуынша, егер АҚШ Трамптың билікке келуімен, Еуропадағы әскери әлеуетін азайтса, Франция қорғаныс шығындарын арттыруы керек. Сонымен бірге Еуропадағы бірлескен қару-жарақ бағдарламаларының деңгейін көтерудің маңыздылығын атап өтті.
-
Трамп жақын арада жанжалдың шешімін табады – Украина бойынша арнайы өкіл
-
Эммануэль Макрон 2027 жылға дейін президенттікте қалатынын мәлімдеді
Макрон Украинадағы қақтығыстың жақын арада аяқталмайтынын, Францияның ұзақ мерзімді қауіп-қатерге дайын болуы керек екенін айтты.
Ол міндетті әскери қызметті қалпына келтірудің орнына үкімет пен әскери штабқа мамыр айына дейін жастарға әскери оқу және дайықтан ерікті түрде өтуіне мүмкіндік беретін жүйе құру туралы ұсыныстар әзірлеуді ұсынды.
“Біз еріктілерді анықтап, оларды оқытып, қажетті сәтте жұмылдыруға дайын болуымыз керек”, – деді Макрон.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың жаңа президенті Трамп Украина мәселесін шешу үшін Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын мәлімдеген еді.