Мақпал Жүнісова Сәкен Майғазиевтің қызына есім таңдап берді
Сәкен Майғазиев үшінші қызына есім таңдау үшін тыңдармандары арасында сауалнама жүргізді. Бір тоқтамға келе алмаған әнші екі нұсқа ұсынып, көпшіліктің пікірін сұрады. Халықтың басым бөлігі Дария деген есімге тоқталуды ұсынды. Ал әнші қандай шешім қабылдады?

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мұндай жауапты істе Майғазиевке Халық артисі Мақпал Жүнісованың өзі көмекке келген. Сәкен де көп ойланбастан, Жүнісованың таңдауын қабыл алған.
“Белсенділік білдіріп, ой бөліскендеріңіз үшін баршаңызға Аллаһ разы болсын! Алаштың аяулы қызының таңдауына тоқтадық. Баршаңызды құшақтадым” – деп бөлісті ол желідегі парақшасында.
Сонымен, көпшіліктің таңдауы Дарияға түскенімен, Сәкен қызының есімін Сәфия деп қоятын болды.
“Ал құрметті халайық, Сәкен екеуміз ақылдасып, қыздың атын Сәфия деп қояйын деп отырмыз. Саф алтындай алтын, сұлу да әдемі, бақытты қыз болсын” – деп ақ тілегін білдірді Мақпал Жүнісова.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды