Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова кешірім сұрамақ болған Гүлнұр Оразымбетовадан теріс айналды

Жуырда Мақпал Жүнісова әріптесі Гүлнұр Оразымбетоваға ренжіп қалды. Ол Гүлнұрды қызметін асыра пайдаланғаны үшін айыптап, желіде жазба қалдырған еді. Халық әртісі болған іске өкінбейтінін айтып отыр.

makpal zhunusova 0704

“Мен Оразымбетова ханымға айтарымды айтып қойғанмын өзімнің парақшамда. Ол кісі менен кешірім сұраған жоқ, кешірім сұра деп айтқым да келмейді. Болар іс болып кетті, өмір жалғасуда, мен оған кек ұстамаймын. Мен 5 ақ минут ашулануым мүмкін. Өйткені өмір жалғасып жатыр. Ертең концерттеріміз, гастролдеріміз бар. Гүлнұрды ойлап жүретін жағдайым жоқ. Болған іс болды. Кімнің кім екенін түсініп қалдық”, – деді Мақпал Жүнісова MuzZone арнасына берген сұхбатында.

Бір қызығы, “Соқыр махаббат” фильмінің тұсаукесері барысында Гүлнұр Оразымбетова Халық әртісінен кешірім сұрамақ болды. Ол, өнердегі әпкесімен достасу үшін Астанадан арнайы келген. Алайда гүл шоқтарымен кешірім сұраған Оразымбетовадан Жүнісова теріс айналды. Осылайша ол әріптесінің кешірімін қабылдамағанын білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

“Соқыр махаббатты” түріктер үш жыл бұрын “Тек сен” деп түсіріп тастаған (видео)

Димаш әйгілі Джеки Чанды туған күнімен құттықтады

Мақпал Жүнісованың орындауындағы “Соқыр махаббат” фильмінің саундтрегі жарыққа шықты (видео)

Талқылау