Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетовадан зәбір көргенін айтты

Мақпал Жүнісова әнші Гүлнұр Оразымбетованы қызметін пайдалана отырып, әлімжеттік жасады деп айыптады.

мах

Мақпал Жүнісованың сөзінше жақында ғана «Соқыр махаббат» фильмінде орындаған әнін әріптесі алдырып тастаған,-деп хабарлайды Stan.kz.

Жүнісова өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасына бұл туралы анықтап тұрып жазған.

мах2
«Таңшолпан» бағдарламасының директоры Гүлнұр Оразымбетова ханым бүгін бастық екенін дәлелдеді. «Соқыр махаббат» киносына менің әнім алынғанын біле тұра, өзінің әнін монтаждап, эфирден бергізуі тіптен ұят екен. Қалай бастық болдыңыз?»,-деп жазды Мақпал Жүнісова.

Жұрт өзінен бірнеше жас үлкен шенеунікке тұрмысқа шыққан Гүлнұр Оразымбетованы онсыз да жақтырмайтындарын жарыса жазып, түрлі пікірлер қалдырып жатты.

Көпшілік үнемі «Бастықтардан, белгісіз біреулерден қысым көремін» деп жүретін әнші Мақпал Жүнісованы аяп кеткен сыңайлы.

Ал, желі қолданушылардың тағы бір тобы Мақпал Жүнісованы осы әрекетіне байланысты «Соқыр махаббат» фильмін жарнамалап отыр деп болжады.

Себебі, әнші осы жолы өз жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап бермеген. Әрі осы мәселе туралы сұрақ қоя пікір  білдіргендерге еш жауап қатпапты.

Оқи отырыңыз:

Сивидің 300 мың доллар тұратын көлікті неге талқандағаны белгілі болды

 Бүгін “Жігіттер” тобының әншісіне Санкт-Петербургте ота жасалмақ

Кенжебек Жанәбілов туған ағасын жер қойнына тапсырды

Марқұм анасын еске алған Ғаділбек тыңдармандарын жылатты

Талқылау