Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова қыр соңынан қалмай қойған бүлдіршін туралы айтып жұртты күлдірді (видео)

Мақпал Жүнісова қыр соңынан қалмай қойған 5 жасар қыз туралы айтып, жұртты күлкіге қарық қалды.

макпал 0604

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, оқиға “Соқыр махаббат” фильмінің тұсаукесерінде болған. Шамамен 5 жасар қыз анасын тастап, Мақпал апайының жанына жүгіріп барған. Суретке түсіп, қалағанына жеткен қыз аздан кейін Мақпал Жүнісовадан Қайрат Нұртасты сұраған.

Сұрағаны сол-ақ екен, Қайраттың анасы Гүлзира Айдарбекова келген. Бүлдіршіннің тілегін естіген продюсер-ана оған Қайраттың үнтаспасын сыйлаған. Ал Мақпал Жүнісова бүлдіршіннің аузына “түкіріп”, ақ батасын берген.

Шынашақтай қыздың пысықтығына қайран қалған Мақпал Жүнісова: “Болайын деп тұрған бала екен. Біз танымайтын айдаладағы қыз қызыл кілемнің үстімен де өтіп кетті, Қайрат Нұртастың үнтаспасын да алып кетті”, – деді.

Жіберіп алмаңыз:

Талғат Теменов “Тоқал” фильмінің режиссерін көргенсіз деп атады

Жазушы Гүлнұр Оразымбетованы Ұлттық арнаның директоры етіп тағайындауды ұсынды

Бағым Мұхитденова танылып алып, өзін менсінбей кеткен шәкіртіне ренжулі

Димаш қытай әніне бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау