Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Қаратай өзін арандатушы деп атаған Түсіпбаеваға жауап берді

 Телеподюсер Мақпал Қаратай өзіне ренжіп жүрген әнші Меруерт Түсіпбаеваның сотқа жүгінбекші болып жүргенінен хабардар екен. Ол  өз бағдарламасы арқылы  біреуді-біреуге айдап салу мақсаты  болған емес деп отыр. Әрі әнші Түсіпбаева туралы ешқандай да кек қайтару тіпті жағымсыз пікірі де болмағанын айтты Stan.kz тілшісіне.

мақпал-продюсер

“Мен әнші Түсіпбаевадан кек алатындай өкпем де ренішім де жоқ. Тіпті өз бағдарламам арқылы оған ауыр тиетін сөз айтып қойған болсақ, ренжітіп алсақ кешірім сұраймын. Оған тек жақсылық тілеймін. Өнері өрге жүзсін. Баласының қуанышын көрсін. Ал енді сотқа шақырып жатса, барамыз”,- деп қысқа қайырды  продюсер Мақпал Қаратай.

Бұған дейін әнші  сәнгер Жадыра Сахиевамен  соттасып,соңында бір-бірінен кешірім сұрап тарасқан еді. Түсіпбаева  сәнгер екеуінің ортасына от салды деп телепродюсер Мақпал Қаратайды атаған еді. Тіпті,  саяхаттап келгеннен кейін оны сотқа бермек ойы барын да айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева Дубайдағы ең қымбат “Версаче” қонақ үйінде демалып жатыр (видео)

Қыдырәлі Болмановтың “Бал-бала” ойыншықтары Қытайда сатылатын болды (видео)

Қарақат Әбілдина Димашты уақытында бағаламағандарды сынап тастады

“Димаш” есімі брендке айналатын болды

Талқылау