Мақпал Исабекова тез арада балалы болғысы келетінін айтты
Сүйіктісін ұзақ күткен Мақпал Исабекова тез арада балалы болғысы келетінін айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншіге “тұрмыс құруың керек, уақытың келді” деп ақыл айтатындар көп. Бірақ мұны Мақпалдың өзі де жақсы біледі. Алайда былтыр берген бір сұхбатында сол уақытқа дейін көңілінен шығатын азаматты кездестірмегенін айтқан болатын.
Бірақ ел аузында жүрген әңгімеге сенсек, тойдың да ауылы алыс емес секілді. Әншінің өзі де отбасылы болуды жиі ойға алып жүрген көрінеді. Мәселен, бүгінгі жазбасында ол:
“Балалы болғым келеді. Осындай тәтті әрі топ-томпақ көп бала болса, жедел әрі тез”, – деп жазды.
Желі оқырмандары жақсы тілек тілесе, міндетті түрде орындалатынын айтып, Мақпалға сабырлылық тіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Димаштың “Бастау” шоуындағы костюмдері неге қара түсті?
Түркияның ең танымал актері Бурак Озчивит отбасын құрды (фото, видео)
Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер
Жанар Дұғалова балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосынсый жасады (видео)