Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Махмұд Сабырхан Фото:ҚБФ/Махмұд Сабырхан

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

55 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы ширек финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша Сабырхан 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, өзбек боксшысы жарысты аяқтап, ал Махмұд Сабырхан жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан қазақ боксының жарқын өкілдерінің бірі. Ол екі дүркін әлем чемпионы: 2023 жылы IBA нұсқасы бойынша және 2025 жылы World Boxing ұйымы аясында топ жарған. Сондай-ақ, 2024 жылғы Азия чемпионы.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 03 Сәуір, 2026 18:11